Мұнайлы ауданында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 1200 түп ағаш егілді.
Мұнайлы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік, көше сыпыру, жол жиектерін тазалау, тал егу, ағаш діңгегін әктеу сынды ауқымды экологиялық шаралар ұйымдастырылды.
Биыл 16 наурыз бен 27 сәуір аралығында ауданда 7 сенбілік өткізу жоспарланған, оның үшеуі өткізіліп, 150 тонна қоқыс шығарылды.
Ауданда күнделікті көше тазалығы да назардан тыс қалып отырған жоқ. Бүгінгі таңда Мұнайлы аумағында 8 тұрғын үй массиві қоқыстан тұрақты тазарып, 155 тонна қалдық сыртқа шығарылған. Жыл соңына дейін тағы 6 тұрғын үй массивті тазалау жоспарда бар.
Нәтижесінде, ауданда 65 гектар жер 305 тонна қоқыстан тазарды.
Бұдан бөлек, Мұнайлыны көгалдандыру мақсатында биыл көктем мен күзгі сенбіліктерде 4000 түп тал егу жоспарланды. Бүгінгі күні 1200 түп қаратал, тұт және жеміс ағаштары мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандырдың аумағына егілді. Ауданның бірқатар жерлері абаттандырылып, барлық ауылдарда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алдағы күндері аудан аумағындағы тарихи мәдени орындар, қорымдар мен туристік 9 орынға сенбілік жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ: Ыбықты сай, Бала әулие, Құрық ата әулие, Бердібек ата және Баянды әулие, сонымен қатар Жаукен, Жолжан мен Қатем некропольдерінің маңдарын тазалау.
Сондай-ақ, былтыр ауданда 60-тан астам шақырым жол салынды, алдағы ауқытта тағы 80 шақырымға жуық жол төселетін болады. Бұл асфальт жолдарының маңына қалмай абаттандыру, көркейту жұмыстары сәйкесінше жүргізілетін болады.
Тазалық жұмыстары әрі қарай жалғасып, ауданның мемлекеттік мекемелерімен ауылдық округтерде және ауданмен облыс орталығын байланыстыратын негізгі жолдың бойына санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Ауданымыздың тазалығына бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды сенбілік жұмыстарға атсалысуға шақырамыз.

Пікір жоқ
62 қаралды
Авторы: b74mangystaubilim
Қосылды: 18.04.2024 в 11:49