Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
КММ “№15 жалпы білім беретін мектеп” Маңғыстау облысының,
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінінің


+7 (778)508-31-06

Жаңалықтар

“Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту”

Халық қаһарманы РақымжанҚошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын мерекелуге қатысты оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында 14 қазан күні “Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.    

Толығырақ

14.10.2024 в 21:38 Пікір жоқ 3 қаралды

10 қазан-Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне байланысты 7сынып қыз балаларға “Тазалық сақтау-ортақ міндет” тақырыбында мектеп медбикесімен кездесу ұйымдастырылды.

10 қазан-Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне байланысты 7сынып қыз балаларға “Тазалық сақтау-ортақ міндет” тақырыбында мектеп медбикесімен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: жеке бас гигиенасын, салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс өмір сүруге тәрбиелеу. Ұйымдастырған: педагог-психологтар @1tutas_tarbie_mangystau

Толығырақ

14.10.2024 в 21:37 Пікір жоқ 4 қаралды

✅ Мектеп директоры Б.Узакбергенов 2024 жылдың 25-27 қыркүйек күндері аралығында өткен “943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту” жобасы аясында ұйымдастырылған «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып, жобалық кеңсе мүшелері мен мектеп әкімшілігіне кері байланыс мақсатында дөңгелек үстел өткізді

Мектеп директоры Б.Узакбергенов 2024 жылдың 25-27 қыркүйек күндері аралығында өткен “943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту” жобасы аясында ұйымдастырылған «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып, жобалық кеңсе мүшелері мен мектеп әкімшілігіне кері байланыс мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде нысаналы мектеп паспортының құрылымы, ағымдағы оқу жылында білім сапасын көтеру бойынша атқарылатын іс-шаралар, ішкі-сыртқы бағалаулар мен мектепішілік бақылауды жүйелі жүргізу және мектептің даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айта отырып мектептің әкімшілік құрамына нақты тапсырмалар берді.

Толығырақ

30.09.2024 в 21:22 Пікір жоқ 1 қаралды

🔊🔊🔊 Құрметті мектебіміздің оқушылары!

 Құрметті мектебіміздің оқушылары! Мектеп радиосының өткен аптадағы хабарына шолу жасап, 3 сұраққа дұрыс жауап жазған оқушыға сыйлығымыз дайын! Сыйлық ұтып алу үшін, дәл осы хабарлама астына бөлмей үш сұраққада дұрыс жауапты бір мәтінмен жазыңыз. Сыныбыңызды аты - жөніңізді көрсете отырып. Құрметті сынып жетекшілер көмектесеміз, бірақ жауабын жазып бермейміз. Жол көрсетеміз бірақ, тауып бермейміз! 

Толығырақ

28.09.2024 в 21:20 Пікір жоқ 3 қаралды

📻🎙️Алғаш мектеп радиосы “SHUAQ FM”📻

Алғаш мектеп радиосы “SHUAQ FM” Құрметті оқушылар, оқырмандар мен тыңдармандар мектебімізде “SHUAQ FM” мектеп радиосы жұмыс бастағанын қуана - қуана хабарлаймыз! Енді құндылықтарды, салт -дәстүр, ырым-тиымдарды “Өнегелі 15 минутта” мектеп радиосында хабарлап отыратын боламыз!  “SHUAQ FM” әңгімелеріне кері байланыс жасап сыйлықтар ұтып алыңыз!

Толығырақ

24.09.2024 в 21:07 Пікір жоқ 2 қаралды

Жалпықазақстандық ашық диктант

Жалпықазақстандық ашық диктант  Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні аясында - жалпықазақстандық ашық диктантқа 10-11 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Оқушылар: 192 Ұстаздар: 79

Толығырақ

05.09.2024 в 17:43 Пікір жоқ 1 қаралды

Құрметті ұстаздар және жас мамандар!

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 154-тармағына сәйкес құжаттар  https://hr-nobd.edu.kz/  порталы арқылы қабылданады. Құжат қабылдау мерзімі: 2-11. 09. 2024ж Туындаған сұрақтар бойынша: Мекен-жайы: Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қажетті мамандар: Ағылшын тілі- 3 бірлік (уақытша) Математика – 6 бірлік (негізгі -5, уақытша -1) Құқық -1 бірлік (уақытша) Психолог -2 бірлік (1 негізгі, 1 уақытша) Директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары -1 бірлік (негізгі) Логопед -1 бірлік (негізгі)

Толығырақ

02.09.2024 в 17:41 Пікір жоқ 5 қаралды

2024-2025 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі болып өтті.

2024-2025 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі болып өтті.  Педагогикалық кеңесте 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарға SWOT талдау жасалып, жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жоспары бекітіліп, «Нысаналы мектеп», «Цифрлы ұстаз» жобасы, 194 бұйрыққа сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы өзгерістер мен толықтырулар және электронды журналдағы өзгерістер туралы айтылып, қаулы қабылданды.  Педагогикалық кеңес соңында 2023-2024 оқу жылында жүргізілген мектепішілік «Менің жеке үлесім» , 3G «Жетістікке жетелер жол» жобалары қорытындыланып, ең үздік нәтиже көрсеткен педагогтерге дипломдар мен «Алғыс» жарияланды.  Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылында «Ата -аналарды педагогикалық қолдау» тобының жұмысын жүйелі жүргізіп, мектеп пен ата -ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда елеулі үлес қосқан педагогтергеде «Алғыс» жарияланды.

Толығырақ

01.09.2024 в 17:37 Пікір жоқ 2 қаралды

✅ ҚҰРМЕТТІ АТА - АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАҒИДАЛАРҒА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ЖӘНЕ МЕКТЕП ФОРМАСЫН САҚТАУ МІНДЕТТІ ЕКЕНІН ЕСКЕРТЕМІЗ! @munaily_bilim @mangystau_obl_bilim_baskarmasy @mangystau_obl_adistemelik @munaily_ishki.sayasat @munaily_adistemelik  

Толығырақ

23.08.2024 в 11:21 Пікір жоқ 38 қаралды

Президент Жолдауы

Директор блогы


Директор: Узакбергенов Бауыржан Абдимуратович.
Жоғары санатты химия пәні мұғалімі

Рухани жаңғыру

Choose Color